Орталық адвокаттары қаланы аралап жүріп көмек көрсетпек.
"Адам және қоғам" қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында азаматтарға заңға байланысты кеңес беретін орталық ашты. Орталықтың басты ерекшелігі – азаматтарға тегін көмек көрсетеді. Сондай-ақ, мұндағы мамандар сотқа дейінгі құжаттарды әзірлеуге көмектеседі.
"Біздің нарықта жүрген адвокаттардан басты айырмашылығымыз тегін қызмет көрсетеміз. Арыз, өтініш, шағымды қалай жазу керегін және қайда апарып өткізу керегін айтамыз. Халық ішінде барлық азамат қалталы емес, сондықтан мұндай көмек өте қажет деп ойлаймыз", – деді заң ғылымдарының магистрі Данияр Тарихов.
"Адам және қоғам" бірлестігінің өкілі, тарих ғылымдарының докторы Жанат Смағұлова орталықтың заңгерлері айына екі рет халық көп шоғырланған мекемелелерге барып тегін кеңес беруді ұйымдастыратынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Колледжде қалай тегін білім алуға болады?
"Барлық аудандағы базар, емхана, сауда орталықтары және халыққа қызмет көрсету орталығының базасында біздің адвокаттар тегін консультация береді. Әсіресе, халықтың әлеуметтік осал тобы – мүгедек, зейнеткер, жалғызбасты аналарға басымдық береміз", – деді Жанат Смағұлова.
Заң мәселелері бойынша кеңес алғысы келген азаматтар zan.kenesi@mail.ru электронды поштасына жазып, +7 707 672 1779 ұялы нөмірі бойынша жедел желіге хабарласа алады. Мұнымен қатар, жұмыс күндері "Адам және қоғам" орталығының Медеу ауданы, Мұқағали Мақатаев көшесі 47, Партнер Бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинеттегі кеңсесіне тікелей барып жүгіне алады.
Орталық сенбі күні сағат 09.00-ден түскі 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Қалған күндері 09.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін көмек көрсетуге әзір.
Оқи отырыңыз: Ұлттық Банк Нархоз университетінде оқу үшін 30 грант бөледі
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-