Тікелей эфир

Астанада "Баршаға мүмкіндік" тегін кеңес алу орындары ашылды

29 тамыз күні JOLTAP әлеуметтік жобасы аясында "Баршаға мүмкіндік" орындарының ашылуы өтті.

Астана қаласының тұрғындары мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу, сондай-ақ жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мүмкіндіктері бойынша тегін кеңес ала алады.

Жобаның қатысушысы – өз мансабы мен өзін-өзі тәрбиелеу үшін жауапкершілікті алуға дайын кез келген адам. Жоба өзін-өзі іздейтін және өзгеруге, оқуға, мансапта өсуге дайын адамдарға арналған.

Жоба аясында барлығы 10 "Баршаға мүмкіндік" модульдік пункті жұмыс істейді. Іске қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.


Оқи отырыңыз: Астана мешітіндегі шаштараз мүгедек жандарға тегін қызмет көрсетеді.


Біздің алғашқы 5 "Баршаға мүмкіндік" модульдік кеңселеріміздің мекенжайы:

  • "Жастар" сарайы, Республика даңғылы, 34;
  • "Айланд" СОО, Қорғалжын тас жолы, 2;
  • "Встреча" СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
  • "Азия Парк" СО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
  • "Тұлпар" СО, Шоқан Уәлиханов көшесі, 24

Кеңселер астана тұрғындары үшін күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ашық.


Оқи отырыңыз: Алматыда тегін заң қызметін алу үшін қайда жүгіну керек?


Жобаның мақсаты – халықтың табысының өсуі үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмек көрсету. Жобаның барлық құралы толығымен тегін.

Серіктестер жаңалықтары