Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 40 жастағы әйелді анықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Тергеу барысында әйелдің отбасында күтуші болып қосымша жұмыс істегені, ол жерде жарнама бойынша жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Баланың ата-анасы жұмыста болған кезде әйел пәтерден жалпы құны 180 мың теңге тұратын алтын сақина мен білезік тауып алған. Үй иелерінің қайтып келуін күткен ол зергерлік бұйымдарды өзімен бірге алып, жайбарақат пәтерден шығып кеткен.


Оқи отырыңыз: Алтын бұйымдарды қалай тазартуға болады? Әйелдерге арналған 5 әдіс


Әйел ұрланған алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп үлгерген. Тәртіп сақшылары ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, әйелдің осыған ұқсас бұрын жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Оның бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.