Астанада 186 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьмен қамтылады
Қаладағы білім беру ұйымдарының базасында 155 демалыс лагері жұмыс істейді.Астанада 1-ден 10-сыныпқа дейінгі 186 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Оның ішінде 10 мыңға жуығы – әлеуметтік аз қамтылған және жетім балалар. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімінің ресми сайты.
"Қаладағы білім беру ұйымдарының базасында 155 демалыс лагері, оның ішінде 85 мектеп жанындағы лагерь, 68 бейіндік лагерь, 2 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейтін болады. Балалардың жазғы демалысы екі бағытта ұйымдастырылады: сауықтыру және бос уақытын тиімді пайдалану", – деді Қасымхан Сенғазыев.
Бірінші бағыт бойынша "Арман" және "Боровичок" лагерлері жұмыс істейді. Сонымен қатар, қалада экскурсиялық демалыс лагерлері болады.
Оқи отырыңыз: Театр, музей, кітапханаға экскурсия. Жазғы демалыста балаларға арналған қандай шаралар өтеді?
Басқарма басшысының айтуынша, демалыс лагерлерінде, экскурсияларда және туристік сапарларда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау, дабыл кнопкалары орнатылған.