Әсет Ерғалиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Ол СЖРА төрағасы қызметін қоса атқарады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әсет Ерғалиевті өзінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына 2025 жылғы 28 ақпанда тағайындалған болатын.