Тікелей эфир

Әсет Ерғалиев: Отандық кәсіпкерлер шетелде өндірістік тағылымдамадан өтеді

Министрдің айтуынша, барлық шара толық жүзеге асса, жеке ісін ашқан адамдардың үлесі 1,7 есеге артады.

Субсидияланатын жұмыс орындарынан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 1,4 есе өседі. Мұнымен қатар, шетелде бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

"Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру" бағыты шеңберінде кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету көзделеді. Өз ісін ашу үшін, оның ішінде "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде жағдай жасау бойынша шаралар қабылданады. Іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында шетелдік бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру көзделеді. Сонымен бірге, жұмыссыздарды қамту мақсатында "Түлектерге арналған жастар практикасы", "Әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары" сияқты жобалар, сондай-ақ, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін "күміс жас" жобасы іске асырылады", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің айтуынша, барлық шара толық жүзеге асса, жеке ісін ашқан адамдардың үлесі 1,7 есеге артады. Мұнымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарынан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 1,4 есе өседі.

"Қаржылық емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 638 мың бірлікке жетеді, қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 55-тен 80%-ке дейін өседі. "Кәсіпкерлердің өсуін жеделдету" бағыты бойынша кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту жоспарлануда. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін "Бизнеске арналған үкімет" порталына интеграциялау 2025 жылы ШОБ субъектілері үшін көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін 40%-ке дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұдан өзге кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру ұсынылады", – деді Әсет Ерғалиев. 

Сондай-ақ, ведомство басшысы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар бөлу ауылда 55 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісін құруға мүмкіндік беретінін бөлісті. Бұдан өзге ұлттық тауар өткізу желісін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады. Бөлу, сату және сақтауға арналған 24 көтерме-тарату орталығын құру; 5 трансшекаралық сауда орталығын құру және жаңғырту; сондай-ақ, стационарлық форматта 103 сауда нысанын жаңғырту көзделуде. Нәтижесінде көпформатты сауда нысандарының саны 6-дан 132 бірлікке дейін артады.

"Елдің туристік әлеуетін ашу мақсатында 1 000-ға жуық инвестициялық жоба іске асырылып, жол бойындағы сервис желісін дамыту қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі туризм саласының көлемі кемінде 8%-ды құрап, ішкі туристік ағын 5,3-тен 8 млн адамға дейін ұлғаяды, ал туризм саласындағы инвестициялар көлемі 6,9 трлн теңгені құрайды. Туристік саланы дамытуға заманауи технологияларды енгізу үшін туристік қызмет көрсету саласы мен сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында шаралар көзделген. Бұл орналастыру орындарының 95%-ын E-QONAQ ақпараттық жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді", – деп қосты министр.

"Бәсекелестікті кешенді дамыту" бағыты шеңберінде тауар биржаларын дамыту, экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен алу және салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету шаралары көзделген. Нәтижесінде сұйытылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізу үлесі 80-нен 100%-ке дейін ұлғайтылады.

Серіктестер жаңалықтары