Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы атанды

Әсет Ерғалиев. Фото: Ақорда
Әсет Ерғалиев. Фото: Ақорда
Бұл лауазымнан Жандос Шаймарданов босатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылып, бұл қызметке Әсет Ерғалиев тағайындалды. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Сондай-ақ, президент бүгін Қанат Шарлапаевты құрылыс және өнеркәсіп министрі қызметінен босатып, өзінің көмекшісі етіп тағайындады. 


Оқи отырыңыз: Қанат Шарлапаев президенттің көмекшісі болып тағайындалды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары