Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық мектеп құрылысы тұрғындардың шағымдарынан кейін тоқтады. Бұл туралы Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов хабарлады. 

Қазіргі таңда тексеру жүргізу үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, зерттеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, мек­теп­тің іргетас конструкцияларында жа­рық­­тар пайда болған, тірек қабырғалар мен арақабырғаларда сызаттар байқалған. Соны­­м­­ен қатар бетон монолитті белбеулер мен ті­рек табандарында құрылыс стандарт­та­­ры­на сәйкес келмейтін кемшіліктер анық­тал­ған.

Белгілі болғандай, аталған жайлы мектепті салу үшін өткізілген байқауға бірде-бір құрылыс компаниясы қатыспағандықтан, бұл міндет байқаудан "Самұрық-Қазына Девелопмент" ЖШС-не жүктелген екен. 

"Қазақ­станның батыс өңірлерінде құ­ры­лыс компаниялары мен білікті ма­ман­дар­дың тапшылығы бар екенін атап өткім ке­леді. Кеңқияқ ауылындағы мектептің тех­­ни­калық қадаға­лауын жүргізу үшін кон­­­курстық процедуралар 2023 жылдың 3 қыр­­күйегінде және 17 қазанында ұйым­дас­ты­­рылды. Алайда өтініш білдіріп, қатыс­қан компания­лар болмады. Сон­дықтан биылғы 15 сәуір­де техни­ка­лық қадағалаушы ре­тін­де ерек­ше тәртіппен "Самұрық-Қазына Деве­­ло­­­пмент" ЖШС бекітілді", – деп түсіндірді Мәулен Айман­бе­тов.


Оқи отырыңыз: 2024 жылы Қазақстанда 208 жайлы мектеп бой көтереді 


Samruk-Kazyna Construction АҚ бас­қарма төрағасының тапсырмасымен анықталған ақаулар бойынша егжей-тегжей тексеріс жұмыстарын жүр­­гізетін арнайы тәуелсіз сарапшылар комис­­сиясы құрылды. Ол құрылыстың техникалық жағдайын анықтап, келесі қадамдар бойынша өз ұсы­ныстарын беруге тиіс. Әзірге комиссия бас мердігерге бетон­ның монолитті белбеуінің беріктігін анық­тау мақсатында қосымша зертханалық сынақ­­тарды ұйым­дастырып, аккредиттелген тәуел­­сіз зертхананың құрылыс ны­саны­ның тех­никалық зерттеуі бо­йынша қоры­тын­­дысын ұсыну­ды жүктеген. 

Қазіргі таң­­да зертханалық сынақтар жүргізіліп жа­тыр. Тексеріс қорытындысы бойынша ті­рек эле­менттерін күшейтіп, ақауларды бір­жақты ету бойынша шаралар кешені әзір­ле­неді. Шаруаны атқаруға астаналық тәжі­­ри­белі компания таңдалып алынған. Ма­­­ман­дар тексеріс аяқталысымен іске кірі­седі.