28 қазан күні таңертең Ақтаудағы "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға таңғы сағат 09:03 шамасында болған. Оқиға орнына 11 құтқарушы мен төрт техника жұмылдырылды.

Жарылыстан бес адам зардап шеккен, олардың екеуі — 2010 және 2015 жылы туған балалар. Қазір жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.