Отандық лоукостер Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсін ашады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
FlyArystan Дубайға жолаушыларды 29 қарашадан бастап тасымалдауды жоспарлап отыр.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan биылғы 29 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Бастапқы уақытта рейстер аптасына бір мәрте – тек сенбі күндері жасалады. Дегенмен, 16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ, 10-24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер іске қосылмақ.

Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды. 

"Ақтаудан Дубайға әуе бағытының ашылуы FlyArystan-ның қолжетімді, соның ішінде халықаралық бағыттарды кеңейтуді мақсат еткен стратегиялық бағытын көрсетеді. Бүгінде әуе компания Ақтаудан Кутаиси, Баку және Ыстанбұлға тұрақты рейстерді орындайды. Дубай қазақстандық саяхатшылар үшін әрдайым ең сұранысқа ие бағыттардың бірі, сондай-ақ, әлемнің жетекші туристік әрі іскерлік орталығы саналады. Біз жаңа бағыт түрлі санаттағы жолаушылар үшін тиімді шешім боларына сенімдіміз", – деді FlyArystan АҚ президенті Ричард Леджер. 

Еске салайық, Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз бола алады. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз