Ақтауда ұшақ апатынан 25 адам аман қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Ұшақ бортында 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Министрліктің ақпараты бойынша, Төтенше жағдайлар министрлігі, өртке қарсы мемлекеттік емес ұйымдар, Полиция департаментінен 150 адам мен 45 техникасы жұмылдырылды.

Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. 

Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырап, құлаған Әзербайжан ұшағында Қазақстан азаматтары да болды.