Ақтау әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесі өзгерді. Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында (күн сайын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін) Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты Ақтау қаласынан ұшатын рейстер кестесіне қажетті өзгерістер енгізіледі.

"Рейстердің өзгерісі туралы ақпараттарды Air Astana компаниясының ресми сайтынан қадағалап отыруға болады. Осы кезеңде Ақтау әуежайы жолаушыларға рейске алдын ала келуді немесе ұшуға 36 сағат қалғанда ашылатын онлайн тіркеуден өтуді ұсынады. Әуе компаниясы кез келген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрайды", – деп жазылған хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Атырау – Астрахань пойызындағы бала өлімі: Арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды