Тікелей эфир

Атырау – Астрахань пойызындағы бала өлімі: Арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды

Пойызда жолаушылар өз тамағын тұтынған.

Атырау – Астрахань пойызында баланың қайтыс болуы дерегі бойынша комиссия құрылады, деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 

"77 адамнан тұратын топ (4 тәлімгер, 73 бала) "Атырау – Астрахань" теміржол бағыты бойынша "Қазақстан геологы" санаторийіне (Железноводск) жіберілді. Жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылды. "Нарын" станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады", – делінген хабарламада. 

Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды.

"Пойызда жолаушылар өз тамағын тұтынғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды", – деп қосты басқармадағылар. 

Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
2

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары