Air Astana әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағытында тікелей рейстер ашады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"2026 жылғы 29 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Жаңа бағыттың іске қосылуы нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына серпін береді.