Алматыдағы №15 гимназияның оқушысы Тимур Қырбасов қала тарихымен таныстыратын қосымша ойлап тапты. Бағдарлама арқылы қаладағы көше мен даңғылдар жөнінде қызықты деректерді білуге болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде нысан туралы пайдалы, танымдық тарихи ақпарат береді. Қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады. 

"Жоба "Менің қаламның, елімнің тарихын зерттеуде ICT-технологияларды қолдану" деп аталады. Бұл бұған дейін өзім дайындаған екі шағын қосымшаның біріктірілген нұсқасы. Жоба арқылы оқушыларға ел тарихын күнделікті өмірде зерттеуге көмектескім келді", – дейді Тимур Қырбасов.

Айта кетейік, Тимур өз жобасының авторлық құқығын қорғаған.