Прямой эфир Новости спорта

Алматылық оқушы қала тарихымен таныстыратын ерекше қосымша ойлап тапты

Қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады.

Алматыдағы №15 гимназияның оқушысы Тимур Қырбасов қала тарихымен таныстыратын қосымша ойлап тапты. Бағдарлама арқылы қаладағы көше мен даңғылдар жөнінде қызықты деректерді білуге болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде нысан туралы пайдалы, танымдық тарихи ақпарат береді. Қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады. 

"Жоба "Менің қаламның, елімнің тарихын зерттеуде ICT-технологияларды қолдану" деп аталады. Бұл бұған дейін өзім дайындаған екі шағын қосымшаның біріктірілген нұсқасы. Жоба арқылы оқушыларға ел тарихын күнделікті өмірде зерттеуге көмектескім келді", – дейді Тимур Қырбасов.

Айта кетейік, Тимур өз жобасының авторлық құқығын қорғаған. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары