Алматыда электр энергиясы қымбаттады
Бүгіннен бастап алматылықтар әр кВтс үшін 3-4 теңгеге артық төлейді.Алматыда 15 қазаннан бастап электр энергиясы қымбаттады. Бұл "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты.
Алматылықтардың басым бөлігі сараланған тариф бойынша төлем жасайтындықтан, электр энергиясы төлемдері келесідей тәртіппен өзгерді:
- Бірінші деңгей: 1 кВтс үшін төлемақы 25,94 теңгеден 28,06 теңгеге өсті;
- Екінші деңгей: 1 кВтс үшін төлемақы 34,34 теңгеден 37,08 теңгеге өсті;
- Үшінші деңгей: 1 кВтс үшін төлемақы 42,93 теңгеден 46,35 теңгеге өсті.
Тарифтің орташа өсуі 3,7%-ды құрады – бүгіннен бастап электр энергиясын жеткізудің орташа шекті бағасы – қосымша құн салығынсыз 29,04 теңге.
Еске салайық, 1 қыркүйектен бастап Алматыда суық және ыстық су, сондай-ақ жылу тарифтері де өсті. Оның ішінде ауыз су төлемақысы бірден 162 пайыз артты.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 12,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді