Жыл басынан бері 12,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық.

Биыл 12,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

"2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының қарқыны 10,1%-ға дейін артты. Оң динамика 18 өңірде тіркелді, бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, сонымен қатар Жетісу және Абай облыстарында байқалады", – деді Байбазаров.

Биылғы қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық.

Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында тіркелді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз