Алматыда алтыншы жартылай марафон басталды
Оған 7600-ден астам адам қатысып жатыр.Алматыда көктемгі жартылай марафон алтыншы мәрте өтіп жатыр. Бүгін оған 7660 адам қатысады, деп хабарлады "Смелость быть первым" корпоративтік қоры.
Таңғы 7.30-да 10 шақырым қашықтыққа және скандинав жүрісі бойынша марафонға қатысушылар жолға шықса, 8.10-да 21 шақырым қашықтық марафоны басталды.
Бұл күні Орталық стадионда көңілашар мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
Еске салайық, жартылай марафонды өткізуге байланысты қаланың бірқатар көшелері жабылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда 23 сәуірде жартылай марафон өтуіне байланысты қай көшелер жабылады?