Алматыда "Алтын белгі" иегерлері марапатталды
Биыл Алматыда 14 876 түлек мектеп бітірді. Оның 474-і "Алтын белгі" төсбелгісін алды.Алматыда "Алтын белгі" иегрелері марапатталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Биыл Алматыда 14 876 түлек мектеп бітірді. Оның 474-і "Алтын белгі" төсбелгісін алды", – делінген хабарламада.
"Алтын белгіні" түлектерге қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, аудан әкімдері және білім беру саласының ардагерлері табыстады. Салтанатты жиында түлектер шеруі өтті.
Іс-шарада биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеті алтын, 11 күміс және 23 қола алған оқушылар да ерекше аталды.
Дәстүр бойынша түлектер қоштасу вальсін биледі. Іс-шарада эстрада әншілері өнер көрсетті.