Алматыда қала мектептерінің бірінде үш оқушы сабақты тоқтату мақсатында жарылғыш құрылғы орнатылғаны туралы жалған хабар таратты, деп хабарлайды ҚР терроризмге қарсы күрес орталығы.

Орталықтың мәліметінше, хабарлама расталмады, қауіп-қатер анықталған жоқ. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жасөспірімдердің құқық бұзушылықты саналы түрде жасағаны анықталды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы күресу орталығы мамандары ескертеді: "Мина қойылғаны немесе лаңкестік шабуыл қаупі туралы кез келген жалған хабарлау заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкеледі".