Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 494,63 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,13 теңгеге төмен.

Қазақстан Ұлттық банкінің 6 ақпанға белгілеген ресми доллар бағамы – 495,1 теңге. Kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы әртүрлі деңгейде қалыптасып отыр.

  • Алматы қаласында доллардың орташа сатып алу бағамы – 494,81 теңге, сату бағамы – 497,37 теңге.
  • Астанада айырбастау пунктері долларды 493,97 теңгеден сатып алып, 500,97 теңгеден сатып жатыр.
  • Ал Шымкент қаласында АҚШ валютасы 495,58 теңгеден сатып алынып, 497,63 теңгеден сатылып жатыр.