Алимент төлеуден жалтаратын аналардың қарызы жарты миллиард теңгеге жуық
Алимент бойынша қарызы бар қазақстандықтардың 3,6 пайызын әйелдер құрайды.Қазақстанда ата-аналардың алимент бойынша қарызы 14 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның айтуынша, алимент төлеуден жалтарып жүргендердің басым бөлігін, яғни 97 пайызға жуығын ер азаматтар құрайтын болса, әйелдердің үлесі 3,6 пайызға тең. Әйелдердің алимент қарызының мөлшері 496 миллион теңге шамасында.
Талғат Қалиевтің айтуынша, алимент бойынша берешегі ең көп өңір – Алматы облысы (1 млрд 948 млн теңге). Кейінгі орындарда Астана, Алматы қалалары және Түркістан облысы тұр. Дегенмен, министрліктің ресми өкілі 2023 жылдан бері өңірлерде проблемалық алименттер үлесіні төмендеп келе жатқан оң динамикасы барын атап өтті.
"Бұған борышкерлерді мәжбүрлер төлету, оларды жұмысқа орналастыру сынды қолға алынған шаралар оң ықпал етті", – деп атап өтті Талғат Қалиев.
Оқи отырыңыз:
- Пәтер, Lexus және Яндекс сервистеріндегі табыс: Алматыда борышкерлер алименттерді қалай төлейді?
- "Баласына 15 мың теңгесін қимайды". Алимент өндіру үшін не білу керек?