Қазақстанның екінші, әлемнің алпыс бірінші ракеткасы Александр Шевченко Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы

Александр Шевченко. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 139-орында тұрған ресейлік Аслан Карацевпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Шевченко айқын басымдылық танытты – 6:1. Екіншісінде Карацев тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:5). Шешуші, үшінші сетте Шевченко таразы басын өзіне аудара алды – 7:5.

Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты матчта Шевченко 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды.


Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.


Оқи отырыңыз: Бейбіт Жұқаев Алматы турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді