Air Astana мен FlyArystan авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер берген
Екі әуе компаниясы 100 АЕК айыппұл төледі.
Қазақстан Көлік министрлігі әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеріс барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Air Astana және FlyArystan авиакомпаниялары авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер ұсынған.
"Аталған фактілерге байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, компанияларға әкімшілік шаралар қолданылды. Нәтижесінде екі авиакомпанияға да 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды", – делінген хабарламада.