ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Осыған орай, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.

"Жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді деп күтіліп жатыр", – делінген хабарламада.