Абай облысында "Еңлік-Кебек" ескерткіші ашылады
Қазір кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Абай облысында жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай "Еңлік-Кебек" ескерткіші ашылады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Биыл қаламгердің құрметіне орай Абай облысында бірқатар шаралар өткізіледі деп жоспарланған.
"Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы аясында Абай ауданының аумағында орналасқан "Еңлік-Кебек" кесенесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар тамыз айының аяғында басталды. Сонымен қатар қос ғашыққа арналған ескерткіш орнатылады. Жұмыстар осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталады", делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мұхтар Әуезов трагедия жанрындағы "Еңлік-Кебек" пьесасын 1922 жылы жазған.
Оқи отырыңыз: Дэннис Кин: "Абай жолының" ағылшын тіліне аударылмағанына таң қаламын