Абай облысында 200 гектар аумақта дала шөбі өртеніп жатыр
Болжам бойынша, өрттің жалпы ауданы – 200 гектер.Абай облысындағы Көкпекті ауданында 2 шілдеден бері дала өртеніп жатыр. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
"Өрт 2 шілдедеі сағат 11:00 шамасында Көкпекті ауданындағы Үлгілі малшы ауылынан 50 шақырым қашық жерден шыққан. Даладаға қамыс өртеніп жатыр. Болжам бойынша, өрттің жалпы ауданы – 200 гектер. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, ешкім зардап шекпеді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Орманды ағашын сату үшін өртейтіндер бар". Прокурор Абай облысындағы өрттің бірнеше себебін атады
Үлгілі Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша, өрт сөндіруге ТЖД күштері мен құралдарын тарту қажет емес.
Айта кетейік, биыл 8 маусымда Абай облысының Семей орманы резерватында ірі өрт болып, 14 орманшы қаза болды.