Абай облысында 10 млн теңге қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды
Абай облысында 10 миллион қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, арнайы айып тұрағына жеткізді. Ұсталған көлік жекеменшік сот орындаушысының қаулысына сәйкес тоқтатылған", – делінген хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, көлік иесінің мемлекет алдындағы берешегі 10 миллион теңгеден асады. "Қауіпсіз жол" іс-шарасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот актілерінің орындалмауына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған.
Оқи отырыңыз: Шымкентте блогер ұстаздан 1,2 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді