5 тамызда педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды. Оған қатысу құны қанша
2025 жылғы 5-7 тамыз аралығында педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Үміткерлер өтінішті ҰТО ресми сайтында бере алады. Ал педагогтердің білімін бағалау емтиханы 8-9 тамыз аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі педагогтер қатыса алады:
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
жұмыс істейтін педагогтер екінші мүмкіндігі үшін (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг).
Педагогтерді жаңаша аттестаттау тәртібін Информбюроның арнайы түсіндірме материалынан оқи аласыздар.