3 миллион теңге пара алып, 45 млн теңге айыппұл төлейді
Жамбылдық алаяқ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында.
Хабарламаға сәйкес, биыл 12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылған. Оған 45 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Жанатбек Джапаров 2020 жылдың қыркүйек айында субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 млн теңге пара алған.
Оқи отырыңыз: Сыбайлас жемқорлық бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан облысы бірінші орында тұр