21 қазанда Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді
Әр ауданда коммуналдық қызметтердің қатысуымен жергілікті сенбіліктер өтеді.Алматыда "Жаңа Қазақстан. Таза Табиғат" ауқымды қалалық сенбілік өтеді.
Сенбілік өтетін негізгі орындар:
- Көк-Төбе баурайы;
- Алматы қаласының өндірістік аймағы мен Батыс қорымының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы аумақ;
- ALA саябағы;
- Көкқайнар шағын ауданы, Боралдай өзенінің жағалауы.
Сондай-ақ, әр ауданда коммуналдық қызметтердің қатысуымен жергілікті сенбіліктер өтеді.
Түрксіб ауданында:
- Баум тоғайы;
- "Жас қанат" шағын ауданы, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында.
Жетісу ауданында:
- Айнабұлақ-4 шағын ауданы.
Медеу ауданында:
- "Көк-Төбе" баурайы.
Алмалы ауданында:
- Сайран көлінің шығыс жағалауы.
Әуезов ауданында:
- Сайран көлінің батыс жағалауы.
Алатау ауданында:
- Боралдай өзені жағалауының бойында, Көкқайнар шағын ауданы.
Бостандық ауданы бойынша:
- Достық саябағы.
Наурызбай ауданында:
- "Шұғыла" шағын ауданы, Абай даңғылының оңтүстігіндегі, Алатау көшесінің шығысындағы бос учаске.
Сенбілік 21 қазан күні 10.00-де басталады.
Оқи отырыңыз: Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді.
Алматы әкімдігі көшет отырғызып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, акцияға қатысушыларды ауыз сумен қамтамасыз етіп, жиналған қалдықтарды полигонға шығаруды ұйымдастырады.
Шара барысында барлық алаңда концерттер мен 15 минуттық сергектік жаттығуларымен үлкен мәдени-ойын-сауық бағдарламасын өткізу жоспарлануда.