Тікелей эфир

21 қазанда Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Әр ауданда коммуналдық қызметтердің қатысуымен жергілікті сенбіліктер өтеді.

Алматыда "Жаңа Қазақстан. Таза Табиғат" ауқымды қалалық сенбілік өтеді.

Сенбілік өтетін негізгі орындар:

  • Көк-Төбе баурайы;
  • Алматы қаласының өндірістік аймағы мен Батыс қорымының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы аумақ;
  • ALA саябағы;
  • Көкқайнар шағын ауданы, Боралдай өзенінің жағалауы.

Сондай-ақ, әр ауданда коммуналдық қызметтердің қатысуымен жергілікті сенбіліктер өтеді.

Түрксіб ауданында:

  • Баум тоғайы;
  • "Жас қанат" шағын ауданы, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында.

Жетісу ауданында:

  • Айнабұлақ-4 шағын ауданы.

Медеу ауданында:

  • "Көк-Төбе" баурайы.

Алмалы ауданында:

  • Сайран көлінің шығыс жағалауы.

Әуезов ауданында:

  • Сайран көлінің батыс жағалауы.

Алатау ауданында:

  • Боралдай өзені жағалауының бойында, Көкқайнар шағын ауданы.

Бостандық ауданы бойынша:

  • Достық саябағы.

Наурызбай ауданында:

  • "Шұғыла" шағын ауданы, Абай даңғылының оңтүстігіндегі, Алатау көшесінің шығысындағы бос учаске.

Сенбілік 21 қазан күні 10.00-де басталады.


Оқи отырыңыз: Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді.


Алматы әкімдігі көшет отырғызып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, акцияға қатысушыларды ауыз сумен қамтамасыз етіп, жиналған қалдықтарды полигонға шығаруды ұйымдастырады.

Шара барысында барлық алаңда концерттер мен 15 минуттық сергектік жаттығуларымен үлкен мәдени-ойын-сауық бағдарламасын өткізу жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары