Тікелей эфир

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

16 қыркүйек күні Астанада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтеді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы жұмыс аясында елордада қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын тарта отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер өткізіледі.

Осы сенбіде, яғни 16 қыркүйекте елорданы бұдан да таза ету үшін ауқымды жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырылады.


Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада қалалық сенбілікке қатысты.


Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін қала тұрғындары аудан әкімдерінің аппараттарына келесі телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады:

Алматы ауданы: 8 747 032 65 07;
Байқоңыр ауданы: 8 701 553 26 27;
Сарыарқа ауданы: 8 701 272 50 71;
Есіл ауданы: 8 778 900 18 61;
Нұра ауданы: 8 701 719 91 39.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары