2024 жылғы 5 айда бала туу өлім көрсеткішінен 3 есе жоғары. Демографиялық шолу
Астана халқының саны 1,5 миллионға жақындап келеді.ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 1 маусымдағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны бойынша жаңа мәліметтерді жария етті.
Ел халқының саны 20 139 914-ті құрайды. Жыл басынан бері халық саны 106 072 адамға артқаны байқалады.
Республикалық маңызы бар үш қалдағы халық саны:
- Астана: 1 430 117;
- Алматы: 2 228 677;
- Шымкент: 1 222 066.
Ел халқының басым бөлігі қалалық елді мекендерде (12 451 192) тұрады. Ауылдардағы халық саны – 7 582 650.
Оқи отырыңыз: Қазақстан халқының өсімі бойынша Астана көш бастап тұр
Гендерлік тұрғыда көрсеткіштер:
- Әйелдер – 10 302 166.
- Ерлер – 9 837 748.
2024 жылдың бес айында 155 143 бала дүниеге келсе, қайтыс болғандар саны – 55 535.
Сондай-ақ, елге 12 217 адам көшіп келсе, 5753 адам елден көшіп кеткен.