2024 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемдер 7 пайызға артады
Оларға Әлеуметтік сақтандыру қорынан жасалатын төлемдер жатады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру қорынан адамның еңбекке қабілеттілігінен немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жасалатын төлемдерді 7 пайызға арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасын жариялады. Онымен Ашық НҚА порталында танысуға болады.
"Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген жобада.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
Қаулы жобасы жария талқылау мерзімі – 15 қыркүйекке дейін.
Оқи отырыңыз: Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы. Оны кімдер және қалай алады?