2023 жылы Artsport бағдарламасына жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануына жіті назар аударылатынын айтты. 

"Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында 2023 жылы 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Бағлан Әбдірайымов: Үйірмелерге қаржы бөлуді тоқтатсақ, балалардың болашағына балта шабамыз


Айта кетейік, 2022 жылы 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан астам бала мен жасөспірім 13 мың спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысқан.