Бағлан Әбдірайымов: Үйірмелерге қаржы бөлуді тоқтатсақ, балалардың болашағына балта шабамыз

Әнші балалардың психологиясымен ойнауға болмайтынын ескертті.

Үйірмелерде тегін оқытып келіп, енді қаржыландыруды шорт кессек, балалар "мемлекет бізді алдап жатыр" деп ойлайды. Бұл олардың отансүйгіштік сезіміне кері әсер етеді, деді әнші Бағлан Әбдірайымов 31 арнаның Информбюро бағдарламасына берген сұхбатында. 

"Бізде оқу орталығы бар. Өзім соның басы-қасында жүргеннен кейін білемін. Кемі бір отбасыда 4 немесе 7-8 бала бар. Сол кісілер үшін бұл керемет мүмкіндік болды. Жарты жылдай оқытып, енді қаражат беру тоқтатылған соң, ата-аналар кәдімгідей қиналып қалды. Ата-аналардан бұрын үйірмені тоқтату спорт пен өнерден жетістікке жеткен балалардың болашағына балту шабумен тең", – деді Бағлан Әбдірайымов. 

Әнші үкімет тарапынан үйірмелерге қаржы бөлудің тоқтатылуы балаларда отансүйгіштік сезімнің азаюына алып келетінін айтты. 


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Мектепке кітап сатып алу керек екен деп ойға келген әдебиеттерді алуға болмайды


"Қазір балалардың бәрін тегін оқытып келіп, қаражатты аяп қалатын болса, бұл оларды отансүйгіштік және патриоттық сезімнен ада қылады. Бұл туралы қазір балалар ата-аналарына дастархан басында да айтып жүр деп ойлаймын. "Бізге үкімет ақша беріп жатыр" деп... Ата-ана да, бала да мәз. Қазірден бастап Отанға деген махаббаты оянып келе жатыр. Ал енді қаржыландыруды шорт кесіп, тоқтатын болса, "мемлекет бізді алдап жатыр, алдауға бола береді" екен деп ойлауы ғажап емес. Кішкентай балалардың психологиясын солай бұзып жіберуіміз мүмкін", – деді әнші. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары