2023 жылғы пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді
Бас мүфти ораза кезінде азық-түлік бағасын 10 пайызға дейін төмендетуге шақырды.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы пітір садақа мөлшерін жариялады.
"Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады", – деді бас мүфти.
Оқи отырыңыз:
- 2023 жылғы пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді
- 2023 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері
- Рамазан айындағы підия мөлшері 2023 жылға 3 мың теңге болып бекітілді
- Оразаға дайындық жасайтын уақыт. Шағбан айы жайлы 9 сұраққа жауап
2023 жылы Рамазан айы 23 наурызда басталады. Сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.
Бас мүфти Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесі ескеріліп, ортақ шешім қабылданғанын хабарлады.
"Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Оразаға қатысты өзге де материалдарды оқи отырыңыз:
- Ораза жайлы мифтер. Не шындық, не жалған?
- Намаз оқымай, ораза ұстау дұрыс па? Ауыз бекіту үшін білу тиіс 20 сұраққа жауап
- Құран оқу, пітір беру, салауат айту, отбасыға көңіл бөлу. Оразада орындайтын 10 амал
- Ораза қазасы немесе қарызы. Оны қалай өтейді?
- Оразада денсаулыққа зиян тимес үшін қалай тамақтану керек? Диетологтан 5 кеңес