2023 жылы ҰБТ өзгеріп, мәтіндік сұрақтар саны артады
"Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" бойынша тест саны мен формасы өзгереді.Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістерді хабарлады.
2023 жылдан бастап "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізіледі.
- "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
- "Оқу сауаттылығы" пәнінде талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі.
Сонымен қатар ҰБТ тапсырмаларының құрылымы да өзгеріске ұшырайды:
- 1 дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;
- 1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (3 дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-2022: Ереже бұзғаны анықталған 137 түлектің гранты жарамсыз деп танылды