Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістерді хабарлады.
2023 жылдан бастап "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізіледі.
- "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
- "Оқу сауаттылығы" пәнінде талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі.
Сонымен қатар ҰБТ тапсырмаларының құрылымы да өзгеріске ұшырайды:
- 1 дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;
- 1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (3 дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-2022: Ереже бұзғаны анықталған 137 түлектің гранты жарамсыз деп танылды