Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған ақпарат пен қажетті оқулықтар тізімін жариялады. Ақпарат мектеп түлектеріне, колледж түлектеріне арнайы бөлініп топтастырылып берілген. Ақпаратпен ҰТО сайтында танысуға болады.

2023 жылы ҰБТ келесі мерзімдерде өтеді:

  • 25 қаңтар – 22 ақпан;
  • 1 – 31 наурыз;
  • 16 мамыр – 5 шілде;
  • 10 – 13 тамыз.

ҰТО тестілеу мерзімдерінде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескертеді.


Оқи отырыңыз: 


Тестілеуге қатысу бағасы – 4230 теңге.

ҰБТ форматы:

  • 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік);
  • Тест тапсырмаларының саны – 120.
  • Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут).