182 азаматқа "Болашақ" стипендиясы берілді
Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының шешімімен 182 қазақстандық азаматқа "Болашақ" стипендиясы берілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Бұл стипендиаттардың ішінде ішінде 149-ы магистратурада, жеті адам докторантурада білім алады. 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді", – делінген хабарламада.
Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.
Комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өтуге берілетін гранттарды да қарастырды. Комиссия шешімімен 328 қазақстандыққа грант берілді.