Тікелей эфир

"Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады

Жаңарған тізім жобасында 28 елдің 261 жоғары оқу орны бар.

Ғылым және жоғары білім министрлігі "Болашақ" бағдарламасы аясында білім алуға болатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда тізімде 236 ЖОО болса, олардың саны енді 261-ге жетеді. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды.

Жаңа тізімге келесі 10 жоғары оқу орны халықаралық академиялық рейтингтердің (QS World University Rankings, Times Higher Education World University Rankings) жаңаруына байланысты енеді:

  • Сан-Паулу университеті (Sao Paulo университеті);
  • Лувен католиктік университеті (Université Catholique de Louvain);
  • Берлиндегі Гумбольдт университеті (Берлин Гумбольдт университеті);
  • Помпеу Фабра университеті (Universidad Pompeu Fabra);
  • Падуа университеті (Università di Padova);
  • Сычуань университеті (Sichuan University);
  • Оңтүстік ғылым және технологиялар университеті (Southern University of Science and Technology);
  • Лозанна федералды политехникалық мектебі (Swiss Federal Institute of Technology Lausanne);
  • Ухань университеті (Wuhan University);
  • University of California, Santa Cruz.

Оқи отырыңыз: 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады


Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Болашақ" бағдарламасын техникалық бағыттарға қайта бағдарлау туралы тапсырмасын орындау мақсатында тізімге Венгрия және Францияның келесі 15 жоғары оқу орнын енгізу жоспарланып отыр: 

  • Жоғары басқару, ақпараттық технологиялар және коммуникация мектебі (IMT);
  • Жоғары инженерлік мектеп (ESTP);
  • Лионның ұлттық қолданбалы ғылымдар институты (INSA);
  • Ұлттық көпірлер мен жолдар мектебі (ParisTech);
  • Гренобль Альпі университеті (Гренобль политехникалық институтын қамтиды);
  • Лотарингия университеті;
  • Страсбург университеті;
  • Пуатье университеті;
  • Бордо университеті;
  • Экс-Марсель университеті;
  • Лион жоғары инженерлік мектебі;
  • Нант жоғары инженерлік мектебі;
  • Бордо саяси зерттеулер институты (Science Po Bordeaux)
  • Сегед университеті;
  • Дебрецен университеті.

Құжат жобасында, сондай-ақ, тілдік курстарды өтуге арналған оқу орындарының тізімін жаңарту да жоспарланып отырғаны жазылған.

Серіктестер жаңалықтары