182 азаматқа "Болашақ" стипендиясы берілді

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының шешімімен 182 қазақстандық азаматқа "Болашақ" стипендиясы берілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

"Бұл стипендиаттардың ішінде ішінде 149-ы магистратурада, жеті адам докторантурада білім алады. 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді", – делінген хабарламада.

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өтуге берілетін гранттарды да қарастырды. Комиссия шешімімен 328 қазақстандыққа грант берілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз