Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны 1 миллион 682,2 мыңға жеткен. Бұл – соңғы төрт жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды бірінші кредиттік бюроның баспасөз қызметі.

Заңды тұлғалар саны да 12 айда 6 пайызға өскен.

"Қазіргі таңда 513,6 мың заңды тұлға тіркелген. Бұған шағын кәсіпкерлік санының артуы себеп болған. Жалпы, заңды тұлғалардың жылдық өсімінің 40 пайыздан астамы, яғни 12,4 мыңы шетелдік меншік нысаны болып отыр. Шетелдік меншік нысан санының күрт өсуі бес жылда бірінші рет тіркеліп отыр" – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Жеке кәсіпкерлік қызметін қалай жабуға болады?


Ірі кәсіпорындар үшін негізгі табыс көзі – тау-кен өнеркәсібі. Оның үлесі 50 пайызды құрайды.

"Орта кәсіпорындардағы сауда, өңдеу және құрылыс саласының үлесі 60 пайызды құрайды. Ірі және орта бизнес өкілдері өндірістің ең жоғары табысы кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметте тіркелген. Тау-кен өнеркәсібіндегі табыс үлесі 40,7 пайызды құрайды. Ең төменгі табыс сауда саласында, оның үлесі небары 8,7 пайызды құрады" – делінген хабарламада.