1 миллион теңге: Жетісу облысының тұрғыны екі баласын сатып жіберді
Әйел жаңа туған екі сәбиін делдалдар арқылы сатқан.Жетісу облысында бала саудасымен айналысқан 23 жастағы келіншек ұсталды. Ол балаларын делдалдар арқылы сатып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады.
"Әйелдің делдал арқылы 2022 және 2023 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2022 жылдың қазан айында, екінші факт 2023 жылдың тамызында болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы 1 миллион теңгені құраған", – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 135-бабына, яғни "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша тіркелді.
Оқи отырыңыз: 300 мың теңге: Әлеуметтік желіде сәби саудасы қызып тұр.