Коронавирус себебімен қысқарған әуе рейстерінің билетін қайтару ұсынылды. Қайда хабарласу керек?
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрақты әуе рейстерді шектеуге қатысты ақпарат таратты. 12 наурызда шетелдік әуе компаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте рейс санының қысқаруына байланысты бұған дейін алынған билетті толық көлемде қайтару немесе айыппұлсыз қайта брондауды рәсімдеу ұсынылды.
Қысқарған әуе рейстерінің тізімін мына жерден көруге болады.
Жолаушылар билетті қайтару мәселесі бойынша әуе компанияларға келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:
Belavia: +7 7172 320241, сағат 09:00-ден 19.00-ге дейін;
Fly Dubai: +7 800 070 2833, (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;
Etihad Airways: +7 800 5556248, тәулік бойы;
Pegasus Airlines: +705 5558444, тәулік бойы;
Uzbekistan Airways: 7 7172 910459, 60, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін;
Air Astana: 7 7172 584477, 7 727 2444477, 7 702 7024477, тәулік бойы;
SCAT: 7 7252 998880, тәулік бойы.
Оқи отырыңыз: Коронавирус пандемиясы. Ол әлем елдерін карантин жариялауға міндеттей ме?
Жолаушылар тоқтатылған және шектелген тұрақты бағыттар бойынша тәулік бойы 8 (7172) 64 58 41, 8 (7172) 64 58 40 нөмірлерiне хабарласып, кеңес ала алады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі адамдар үзілместен хабарласып жатқан соң, желі бос болмауы мүмкін екенін ескертті.
Әзірге "Аэрофлот" әуе компаниясымен келісім жоқ. Ал Lufthansa әуе компаниясының рейстері уақытша тоқтатылды. Әуе компанияның ақпаратына сай, жолаушылар билет құнын толық көлемде қайтара алады.
- ресми ақпарат көздерінен қай елдерге баруға шектеу енгізілгенін біліп жүріңіз;
- коронавирус пандемиясына байланысты жағдай жақсармайынша шетелге сапарларды кейінге қалдыруға тырысыңыз;
- билет алып қойған жағдайда әуе компаниясына билеті толық көлемде қайтару немесе айыппұлсыз басқа уақытқа ауыстыру сұрағымен хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан көз жұмғандар үлесі жөнінен Италия неге алға шықты? Осы елде жұмыс істейтін қазақстандық дәрігердің әңгімесі
Еске салайық, Вице-премьер Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған келесідей елдерге шығуды уақытша шектеді:
1Б категориясы: Франция, Германия, Испания;
2-категория: Швейцария, Ұлыбритания, Нидерландтар;
3-категория: Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филлиппиндер, АҚШ.
Оқи отырыңыз: Коронавирустың күтпеген тұсы
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.