Дәл қазір инсульт мәселесі әлемде өзекті болып тұр. Ол кең таралған аурулар тізімінде жетінші орында. Инсульттан аман қалғандардың 70 пайызы мүгедек болса, 20 пайызы ерекше күтімге зәру болып қалады. 

Ми қан айналысы бұзылған соң тағы да емделудің маңызы қандай? Науқастарға қалай сапалы күтім жасауға болады? Кәсіби оңалтушы және "Аруана" көпсалалы медициналық оңалту орталығының негізін қалаушы Шынар Мәлік инсульттан кейін науқастарды қалпына келтіру үшін енгізілген жаңа әдістемелер және оңалтудағы оң өзгерістер туралы айтып берді. 

– Қазақстанда оңалту процесі дұрыс жолға қойылған ба?

– "Оңалту" ғылымын 17 жыл бойы зерттедім. "Оңалту" дегеніміз – науқастың өмір сүру жағдайын ескере отырып мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешені. Бұл процесті ұйымдастыру қиындау. Жеке өзім барлығын кәсіби деңгейде жасағанды ұнатамын.

Өкінішке орай, Қазақстанға бұл түсінік әлі келе қойған жоқ, оңалту процесін екінші орынға ысырады. Ал бүкіл әлемде оңалту кәсіби медицина болып саналады.

Мысалы, Еуропада негізгі емдеу процесінен кейін науқас автомат түрде оңалту процесінен өтеді және өмірінің соңына дейін қалыпқа келу үшін әрекет жасайды. Мұны біз де қолдануымыз керек. 

14 жылдан бері бұрынғы А. Пите институты, қазіргі венгриялық Семмельвейс университетімен, яғни ведомстволық оңалту негізінде кәсіби реабилитолог мамандар даярлайтын медицина бойынша Еуропаның әйгілі Альма-матері саналатын кафедрамен қызметтеспіз. Бұл медициналық хабта керемет оңалту орталығы бар: оңалтуға арналған клиникалық орталықтар, мектептер мен, тіпті, оңалтушы болуды армандаған мектеп оқушыларын тартатын "оқу сыныптары" бар. Мектеп оқушылары өз қызметін кәсіби көмекші ретінде бастайды. Кейін 12 жылдық оқуын тәмамдаған соң, алдымен колледж, кейін университетте невропатолог, клиникалық психолог, логопед, дефектолог, массаж терапевті, физиотерапия маманы және мұғалім секілді дағдылары бар "кондуктолог" бола алады. Бұл нені білдіреді? Оңалту дегеннің не екенін және оңалту орталықтарының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Өзім "Аруана" клиникасының тобымен тәжірибе мен білім алып, олардың әдістемесін дұрыс енгізуге тырысатын мұғалімдеріммен-әріптестеріммен бүгінгі күнге дейін оқып, ынтымақтасу бақытына ие болдым. Көбінесе біз науқастармен жұмыс істеудің негізгі әдіснамасы мен тактикасын солардан аламыз. Сондай-ақ біз Германия, Чехия, Түркия, Қытай, Израильдің жетекші орталықтарымен ынтымақтастықтамыз. 

– Инсульттан кейін науқастардың барлығы дерлік "істен шыққан" ағзаларын, дене мүшелерін қалпына келтіруге зәру. Қазір Алматыда бұл қызмет қалай ұйымдастырылған? Бағыты қандай?

– Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің 07.04.2024 жылғы №65 бұйрығы бар. Ол Қазақстанның кез келген азаматына МӘМС шеңберінде осы құжатта көрсетілген 6 бағыт бойынша, оның ішінде ОНМК (инсульт) өткір кезеңінен кейін де оңалуға баруға мүмкіндік береді. Инсульт алған адам мемлекеттік клиникалардың инсульт бөліміне түседі. Атап айтқанда, бұл №4 және №7 қалалық клиникалық ауруханалар, орталық қалалық клиникалық аурухана, жедел жәрдем ауруханасы және қалалық жүрек орталығы. Осы клиникалардың әрқайсысы бірінші кезеңдегі науқастарды оңалтумен айналысады. Науқас жағдайының күрделілігіне байланысты 14-21 күн бойы мемлекеттік клиникада емделуге құқылы. Ары қарай науқастарды оңалтудың екінші кезеңіне, оның ішінде МӘМС бағдарламасы бойынша жеке медициналық орталықтарға бірден түсу мүмкіндігі бар.

– Бұдан не пайда?

– Біріншіден, бұл емді неғұрлым ертерек жүргізу үшін керек.

Бірінші кезеңде оңалтудан өткен науқастардың 20-30 пайызының толықтай қалыпқа келу мүмкіндігі бар.

Мысалы, біздің орталық клиникалық қосымша көмек көрсетумен айналысады. Жансақтау бөлмесінде науқас мемлекеттік клиникада ішкен барлық дәрі-дәрмегін жалғастырып ішеді және алдымен пассив, кейін белсенді оңалту жұмыстары басталады. 

Екінші кезеңде науқастар (ауырып бастағалы 6 ай ішінде) өзінің жағдайына қарай 5 рет оңалтудан өте алады. Себебі инсульттан аман қалған кез келген науқас ешкімдікіне ұқсамайтын оңалтуды қажет етеді. Екі кезеңнен құралған 6 ай өткен соң науқас ОМШ (оңалтуды маршруттау шкаласы) көрсеткіші бойынша тағы үш жылда үш кезең бойы емделе алады. Кәсіби оңалтушы ретінде шетелдің клиникалық орталықтарында Қазақстандағыдай жағдай жасалмағанын атап өткім келеді. Науқастарды оңалтудың екінші кезеңінде бес рет госпитализациялау қағидаты мүгедектік деңгейін төмендетуге көп көмектеседі. Бұл аурудың басынан бастап кейін 2,5 жыл ішінде бақылау жүргізетін дәрігерлер үшін де тиімді болмақ. 

– Науқас оңалтудың 2-3 кезеңіне дайындалған кезде клиниканы өзі таңдай ала ма?

– Иә, солай. Көптеген науқас мемлекеттік клиникадан кейін оңалтуға бара алатынын білмейді. Біздің клиниканың басты ерекшелігі – инсульт алғаннан кейін араға уақыт салмай көмектесуі. Бізге келген науқастар таңғалып жатады. Ешкім де инсульт болатынын алдын ала болжай алмайды. Өкінішке орай, одан қашып құтылу мүмкін емес және қазір бұл ауру жасарып келеді. 


Оқи отырыңыз: Ішімдік пен темекіге әуестер неге емделуге асықпайды? Психиатр дәрігермен сұхбат


– МӘМС енгізілуімен оңалту қолжетімді болды деп айта аламыз ба?

– Бұл факт. Егер МӘМС жүйесі түрінде қолдау болмаса, науқастардың басым бөлігі уақтылы оңалтудан өте алмас еді.
Біздің орталық әлеуметтік бағдарланған жоба және мұнда науқастар ақылы негізде оңалту көмегін ала алмайды. Бастаған кезде бізде 25 төсек болды және бір айда 75 науқасты қабылдадық. Бүгінгі таңда біздің орталықта толыққанды оңалтудан өткен науқастардың саны 150 мыңнан асады. 

– Инсульттан кейін толық қалыпқа келу мүмкін бе?

– Инсульт – бұл өте күрделі ауру. Оңалту процесінің өзі өте күрделі жүреді. Емді бастамас бұрын науқасқа психологтың көмегі қажет. Егер науқастың емделуге деген қызығушылығы болмаса, өзін емдеп жатқан дәрігерге сенбесе, онда еш нәтиже болмайды. Әдетте оңалтуды бастап, үш күн өткен соң науқас ары қарай жалғастырғысы келмейді. Себебі моральдық және психологиялық тұрғыдан ауыр. Бізде бір науқасты кемінде 7-8 адам жабылып емдейді. Яғни олардың ішкі жай-күйін өзгерту үшін де барымызды саламыз. Бізде тіпті науқастың қай уақыт аралығында демалып, тамақтанатыны жазылған авторлық бағдарлама бар. Күні бойы науқастың артық уақыты болмайтындықтан, барлық процесс қызықты әрі пайдалы өтеді. Бірнеше күннен кейін науқастың беті бері қарағанын көреміз. 

– Оңалтудың бірінші курсынан кейін қандай нәтиже күтсек болады?

– Алдымен оңалтудың пассив және вертикаль түрлерін қолданып, кейін белсенді жұмысқа кірісеміз. Науқас бізге бірінші рет келген кезде біздің міндетіміз – оны өздігінен отыра алатындай жағдайға жеткізу. Өзімізді осы нәтижеге бағдарламалаймыз. Егер науқас курсты тәмамдаған соң отыра алатындай жағдайға жетсе, онда мақсатымыздың орындалғаны.

Бұдан кейінгі кезеңде науқас сүйемелдейтін құралдар көмегімен қозғалып, бізге ақырын ғана "Балам, бақытты бол!" деген сөздерді айта алады. Бұл біз үшін нәтиже!

Біз таңғажайыпқа сеніп өмір сүрмейміз, жұмыс істеп, науқастың жағдайын өз көзімізбен көреміз. Ешкімді алдамаймыз. 

– Оңалту аясында науқастарға не қажет?

– Бүгінгі таңда МӘМС бағдарламасы аясында хаттама мен бұйрықтардың талаптарына сәйкес келетін рәсімдерді алдын ала ойластырып жатырмыз. Сондай-ақ біз ғылыми орталық болғандықтан, денеге жағымды әсер етуі мүмкін басқа әдістерді енгізуге және қолдануға мүмкіндігіміз бар. Венгрия институтымен ынтымақтасатынымызды және науқастарымызбен жұмыс істеудің негізгі әдістемесін солардан алғанымызды айттым. Бүгінгі таңда науқас бізге келіп, жаттығу терапиясынан, массаж, физиотерапия, рефлексотерапия, парафин терапиясы, гидротерапиядан өтеді және ең маңызды фактор – бұл нақты ауыр науқастарға арналған күтім процедуралары. Сондай-ақ, нейропсихологпен жұмыс бар.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда әрбір оныншы адамның бүйрегі ауырады. Бұған энергетик пен газды сусындардың қандай қатысы бар


– Инсульттан кейін көптеген науқас депрессияға ұшырайды дейді. Бұл рас па? Нейропсихолог бұған қалай көмектеседі?

– Иә, расымен солай. Бастапқыда науқастардың өмір сүруге деген құлшынысы төмен болып келеді. Олардың өткергені – үлкен психологиялық соққы. Туысқандары да есеңгіреп қалады десек болады. Сол себепті инсульт алған науқастардың мүгедектік дәрежесін төмендетуге бағытталған іс-шаралар ішінде депрессияны емдеу де бар. Депрессия цереброваскулярлық жедел бұзылудан аман қалған әрбір үшінші науқаста кездеседі. Нейропсихологтар әзірлеген бағдарламаның арқасында науқастарды мазасыздық сезімінен арылта аламыз. Есте сақтау және сөйлеу қабілеті бірден қалпына келмеуі мүмкін, бірақ адамдардың функционалдық тәуелсіздігі және олардың өмір сүру сапасы артады.