Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелге шығуы кезінде әр елде қойылатын шектеулер тізімін (22 қыркүйек 2020 жыл) жария етті.

Қазақстандықтар Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр Араб Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Украина (28 қыркүйектен бастап), сондай-ақ, Германия, Нидерландтар және Оңтүстік Корея (соңғы аталған 3 мемлекетке виза барлық адамға бірдей берілмейді) елдеріне бара алады.

Беларусь

  • Қазақстан азаматтарына виза қажет емес.
  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет емес.
  • 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек. Қонақүйде орналасуға тыйым салынады. Карантинді үйде (пәтер жалдауға болады) не туыстар мен достардың үйінде өткізуге болады.

Біріккен Араб Әмірліктері

  • Қазақстан азаматтарына виза қажет емес.
  • Дубай әуежайы ашық.
  • БАӘ-не баратын жолаушылардың Covid-19 анықтамасы (мерзімі 96 сағат) болған жағдайда ғана олар ұшаққа отырғызылады.
  • Дубай әуежайында жолаушылар медициналық декларацияны толтырады және қайта тест тапсырады (12 жасқа толмаған балалар және мүмкіндігі шектеулі адамдар тест тапсырудан босатылады). Оң нәтиже көрсеткен жағдайда 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту қажет.
  • халықаралық сақтандыру полисі болуы қажет.
  • 30 күннен аспайтын кері қайту ұшақ билеті және қоңақ үйдің брондалғанын растайтын құжат болу қажет.
  • міндетті түрде қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында бетпердені тағу қажет (айыппұл – 1 000 дирхам (274 АҚШ доллары).
  • транзит бағытымен ұшу рұқсат бар (егер рейстің уақыты 96 сағаттан асатын болса, ел аумағына кіруге болады).
Оқи отырыңыз: Швейцария қазақтары коронавируспен күрескен Қазақстан азаматтарына стипендия тағайындады

Мысыр Араб Республикасы

  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 теріс нәтижесі бар анықтама қажет (анықтама ағылшын не араб тіліне аударылауы тиіс). Анықтаманың жарамдылық мерзімі – 72 сағат.
  • Қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қоңақ үйлерде бетперде тағу қажет.

Қырғызстан

  • Қазақстан азаматтарына виза қажет емес.
  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет емес.
  • Тек паспорт арқылы кіруге болады.
  • 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек. Карантинді үйде (пәтер жалдауға болады) не туыстар мен достардың үйінде өткізуге болады.

Өзбекстан

  • Қазақстан азаматтарына виза қажет емес.
  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет емес.
  • Тек паспорт арқылы кіруге болады.

Ресей

  • Қазақстан азаматтарына виза қажет емес.
  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет.
  • Аптасына 2 рет Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытымен рейстер ұшады.
  • Тек қана әуе қатынасына қатысты шектеулер жоқ, алайда құрлықтағы бақылау бекеттері арқылы өтуге шектеулер сақталады.
Оқи отырыңыз: Отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды

Түркия

  • Қазақстандықтар үшін Түркиядан 90 күндік визасыз режим әрекет етеді.
  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет емес.
  • Ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы қажет.
  • Барлық жолаушылар терминал мен ұшақтарда бетперде тағуі міндетті. Бетперде кимеген жолаушылар терминал мен ұшаққа жіберілмейді және 123,00 АҚШ доллар айыппұл салынуы мүмкін.
  • Терминалға кіре берісте жылу камераларымен жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Егер дене қызуы 37,8 градустан жоғары болса немесе Covid-19 белгілері байқалса, арнайы медорталықтарда тест жасату міндетті. Барлық халықаралық әуежейларда арнайы "Тест орталықтары" бар және тест тегін жасалады. Тест нәтижелері 1-3 сағатта шығады. Егер тест нәтижесі оң болса, жолаушы жеке ауруханаға жіберіледі. Ауруханада жасалған бақылау қорытындысы бойынша жолаушы ауруханаға жатқызылады. Егер де "ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, оқшаулау жеткілікті (14 күн)" деген қорытынды айтылса, жолаушы өзі тұратын қонақ үйге немесе үйіне бара алады. Жолаушылар қонақ үйлерде науқастар үшін арнайы дайындалған оқшаулау бөлмелерде емделуін жалғастыра алады.

Украина

2020 жылғы 28 қыркүйекке дейін елге кіруге шектеу бар.

  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат) немесе жолаушы әуежайда тест тапсырады.
  • 14 күндік карантин қарастырылған.
  • Ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы міндетті. Сақтандыру полисін Украинада тіркелген компаниядан немесе ел аумағында өкілдігі бар халықаралық сақтандыру компаниясынан алу керек.
  • Қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында бетпердені тағу қажет.
  • Өзімен бірге жеке басын куәландыратын төлқұжат (паспорт) алып жүру керек.
  • Транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі 24 сағат).
Оқи отырыңыз: Коронавирустан әлсіреген иммунитетті қандай дәрумендер мен минералдар жақсартады? Дәрігер кеңесі

Германия

Белгісіз мерзімге дейін ел аумағына кіруге шектеу бар.

  • ВИза беру уақытша тоқтатылған.
  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет емес.
  • 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек.
  • Транзит бағытымен ұшу рұқсат бар (мерзімі 24 сағат, елге кіруге болмайды).

Германия визасы тек келесі санатқа жататын Қазақстан азаматтарына беріледі:

  • медициналық персонал;
  • жүктерді тасымалдау саласындағы және басқа да қажетті бағыттардағы көлік компанияларының қызметкерлері (мысалы, әуекеменің экипаж мүшелері);
  • ресми сапар мақсатымен баратын дипломаттар, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері;
  • шұғыл отбасылық жағдаймен баратын тұлғалар;
  • халықаралық қорғау немесе өзге гуманитарлық себептермен баруға мұқтаж адамдар;
  • отбасы бірігу үшін баратын адамдар;
  • нақты жұмыс ұсынысы бар мамандар;
  • ғылыми қызметпен айналысатын зерттеушілер;
  • IT-мамандары;
  • қоғамдық маңыздылығы бар ерекше жұмыстармен айналысатын қызметкерлер;
  • студенттер;
  • оралмандар және олардың отбасы мүшелері.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың үштен бірі Covid-19 ресми статистикасына сенбейді

Нидерландтар

  • Тек дипломатиялық виза беріледі.
  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет емес.
  • 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек.
  • Транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі 24 сағат).
  • Рейске отырар кезде денсаулық туралы декларацияны толтыру керек.
  • Қоғамдық көліктерде, сондай-ақ Амстердам және Роттердам қаласының кейбір жерлерінде бетперде тағып жүру міндетті (бетперде тақпағаны үшін 95 еуро айыппұл салынады).
  • Барлық қоғамдық орындарда 1,5 метр арақашықтық сақтау қажет (аталған талапты бұзғаны үшін 390 еуро айыппұл салынады).

Оңтүстік Корея

  • ВИза тек комиссияның оң шешімі негізінде ерекше жағдайларда ғана (ем алу, жақын туыстың қазасы) беріледі.
  • Әуежайлар ашық.
  • Covid-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат). Сондай-ақ, анықтама Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігімен танылған медмекемелер мен клиникалардан ғана алынуы тиіс.
  • Тиісті түрде электрондық бақылау мен арнайы қоңақ үйде 14 күн карантинде оқшаулаудан өту керек (бағасы: 1 күн – 120-150 АҚШ доллары).
  • келушілер 3 күннің ішінде Covid-19 індетіне қатысты тест тапсыру керек.
  • транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі 24 сағат).

Ескерту: шектеулер туралы ақпарат жаңарып отыруы мүмкін.